Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН БІРГЕ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Daismedia.kz

Сарыағаш ауданында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада аудан әкімі Арман Абдуллаев өзі бастап түрлі этнос өкілдерімен бірге тазалық жұмыстарын атқарып, өңірдің көркеюіне өз үлесін қосты. Сенбілікке этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық мәслихат депутаты Ж.Сүлейменов аудан жастары, мемлекеттік қызметкерлер қатысып, орталық саябақта тазалық жұмыстарын атқарды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, әктеу, сырлау жұмыстары, шөптерін ору, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіп, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелердегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Тазалық шарасы барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев этнос өкілдерімен пікір алмасты. Онда аудан халқының өзара бірлігі мен ынтымағын арттырып, ауданның гүлденуіне жол ашу,үлес қосу, сонымен қатар, жас буынды ата-бабалардың ақ жолымен адалдыққа, мәдениетке, ашықтыққа, тиісінше сол арқылы адал еңбекке тәрбиелеу сөз етті.

You may also like

Leave a Comment