Home Жаңалықтар «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ЕРІКТІ ЖАСТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ЕРІКТІ ЖАСТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Daismedia.kz

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Сарыағаш ауданындағы «Ардагерлер» саябағында сенбілік өтті. Сарыағаштық белсенді жастар саябақты ретке келтіру, әптеу-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау сынды жұмыстарды атқарды. Осы уақытқа дейін саябаққа ағаш және гүл көшеттері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылған болатын. Одан бөлек, саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштардың қураған бұталары қырқылды.

Жалпы ауданда апталық аясында отырарлық қариялардың үй аулалары тазаланып, абаттандырылуда. Ондағы мақсат — үлкенге құрмет көрсету арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Сонымен қатар, көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Үш апта көлемінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды.

You may also like

Leave a Comment