Home Жаңалықтар СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ «СӘЛЕМ» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМЕДИЯЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ «СӘЛЕМ» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМЕДИЯЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Daismedia.kz

Көкшетау қаласында Сәкен сері Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальге Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінің беделді театрлары және Түркістан облысы атынан Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры қатысты.

4-5 мамыр аралығында өткен байқауда түркістандық өнер ұжымы Э.Макашеваның аудармасындағы А.Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясын сахналады. Фестиваль қорытындысы бойынша Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Қасымовтың жоба жетекшілігімен, Н.Ізтаевтың сахналауымен қойылған спектакль «Қазылар алқасының арнайы жүлдесімен» марапатталды.

You may also like

Leave a Comment