Home Жаңалықтар БҰРЫМДЫ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

БҰРЫМДЫ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының спортшы қыздары Астана қаласында 27 сәуір — 7 мамыр аралығында бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатында жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Ауданда орналасқан Қажымұқан атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бөлімінің тәрбиеленушілері Дархан ауылынан Нәлібай Шұғыла және Қызылжар ауылынан Бағжан Отынбай Азия чемпионатында Қазақ елінің намысын қорғап жеңімпаз атанды.

Дәлірек, 52 келі салмақ дәрежесінде Бағжан Отынбай күміс жүлдеге ие болса, 75 келі салмақ дәрежесінде Шұғыла Нәлібай қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Бұған дейін қос аруымыз жасөспірімдер арасында сынға түсіп жеңімпаз атанған болатын. Бірте-бірте ересектер сайысына түсіп биік белестерді бағындырып келе жатқан қыздарымыздың мақсаты еліміздің көк туын желбіретіп, әлемді мойындату.

Спорт мектебі ұжымына жеңістеріңіз құтты болсын дейміз!

You may also like

Leave a Comment