Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында ардагерлер арасында бильярд ойынынан ашық турнир өтті. Турнирді аудандық мәслихат депутаты. Жеке кәсіпкер Белес Рысбаев ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысының ардагері, бар ғұмырын ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына арнап, ел игілігі жолында еңбек еткен әкесі Наштай Рысбайұлын мен анасы Шолпан Жолдасбекқызын 100 жылдығы мен еске алуға турнир бабалар рухына құран бағыштаудан басталды.
Турнирді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ашып, сайыстың, бильярд ойынының тәсілін түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирде ардагерлер екі командаға бөлінді. 63 жасқа дейін, 63 тен жоғары ардагерлер арасындағы спорттық сайыс жылы және достық атмосферада өтті. Ардагерлер арасында турнирге қатысушылар ойынға қатысты кеңестерімен бөлісіп, әзілді әңгімелерін айтып, әдемі қалжыңдаса отырып, көңілді өткізді.
Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтарға ие болды.