Home Жаңалықтар «ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ» АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

«ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ» АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Daismedia.kz

Бәйдібек ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық Отбасы күніне орай «Шаттыққа толы шаңырақ» атты отбасылық сайыс өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты — жас отбасылар арасында атап өту, насихаттау, республикалық мереке ретінде дәріптеу. Жастар мен жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу мен жарыстар арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Отбасылық жарысқа аудан әкімінің орынбасары Бағдат Пердебайұлы және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысып, жас отбасыларды мерекемен құттықтады.

Сайысқа 10-ға жуық жас отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Таевтар отбасы жеңіп алды. Ал, 2-орынға Орынбеков отбасы жайғасса, 3-орынды Эшмурзаевтар отбасы иемденді. Сондай-ақ «Көрермен көзайымы», «Үлгілі отбасы», «Білімді отбасы» тағы басқа номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

You may also like

Leave a Comment