Home Жаңалықтар ҰЗЫНАТА АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

ҰЗЫНАТА АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Daismedia.kz

1-маусым Балаларды қорғау күнінің қарсаңында, Ұзыната ауылдық округінде футбол, волейбол және баскетбол алаңшасы ашылды.
Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Е.Айдаров арнайы қатысып, лента қию рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

—Құрметті ауыл тұрғындары баршаңызға жаңа спорт алаңшасы құтты болсын. Спорт алаңшасының құрылысына атсалысқан әрбір азаматқа алғыс білдіремін. Бұл нысан ең алдымен жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанулары үшін үлкен пайдасын тигізері сөзсіз. Балалар күнінің қарсаңында ашылған спорт алаңшасынан үлкен спорт майталмандары шығаберсін»- деді Б.Шомпиев.
Сондай-ақ, шараға келген өзге де қонақтар өз тілектерін айтып, мәз-майрам болысты.

You may also like

Leave a Comment