Аудан орталығында пара волейболдан ашық біріншілік турнирі өтті. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған тұлғалар арасындағы жарысқа төрт команда қатысты. «Денсаулық — зор байлық» ұранымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында тартысты ойын болды. Төрт өңірден командалар жиналды. Оның қатарында Арыс, Кентау, Шымкент қалалары бар.
Ашық біріншіліктің қорытынды ойынына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, жеңіске жеткен командаларды құттықтады. Арнайы орын алған командаларға дипломдар табыстады. Атап өтетін болсақ І – орынды Шымкент қаласының құрамасы алса, ІІ – орын Сауран ауданының командасына бұйырды. Жүлделі ІІІ – орынды Арыстықтар иеленді.
Волейболды отырып ойнау спорт түрі ретінде 30 жыл бұрын пайда болды. Соңғы 10 жылда айрықша дамып, әлемдік аренаға шықты. Әлемде волейболды отырып ойнаудан 78 команда бар. Олардың ішінде Иранның командасы біріншілікте топ бастап келеді.