Home Жаңалықтар «ҰЛЫ ЖЕҢІС ҰРАНЫМЫЗ!» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҰЛЫ ЖЕҢІС ҰРАНЫМЫЗ!» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Daismedia.kz

Мемлекетімізде басты назар аударатын тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, еліміздің келешек тұтқасын ұстайтын жастарды осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу басты борышымыз.
Осы орайда, Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтың 105 жылдығына, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, Ұлы Жеңіске арналған шығармаларды дәріптеу, талантты жастарды жан — жақты шыңдау мақсатында «Ұлы Жеңіс — ұранымыз!» аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер ақтық сайыста өнер көрсетіп, үздік өнер көрсеткен үміткерлер жүлделі орындардан көрінсе, қалған қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І – ОРЫН – Анартай Аружан (Қайнар ауылдық клубы)
ІІ – ОРЫН – Ақтай Дана (Момынай ауылдық клубы)
ІІІ – ОРЫН – Рахман Ақсезім (Қасқасу ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ – ОРЫН – Әшірбай Алина (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)
«Ер есімі – ел есінде» номинациясы – Әміртайқызы Қарлығаш (Бейнеткеш ауылдық клубы)
«Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» номинациясы – Есімов Нұркен (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)
«Төлеби – ғажап мекенім» номинациясы – Расулбек Көркем (Мәдени ауылдық клубы)
«Туған жер – алтын бесігім» номинациясы – Әмірбек Еркежан (Қостөбе ауылдық клубы)
«Атамекен» номинациясына – Ауданбай Гүлсезім (Қасқасу ауылдық клубы) ие болды.

You may also like

Leave a Comment