Home Жаңалықтар АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ

АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Daismedia.kz

Аудан әкімінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Абай» алаңында «Алтын балалық шақ» атты іс-шара өтті. Мақсаты балалар мен жасөспірімдерді мерекемен құттықтау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дарынды және білімді балаларды ынталандыру болып табылады.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев және аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева арнайы қатысып, балалардың түрлі өнерімен танысып, құттықтады.

«Баршаңызды 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір бүлдіршін ата-әжесі тарапынан естіген ертегінің арман қиялымен сусындап, айқын мақсатпен шыңдалып өседі. Жақсылық та, жамандық та адам бойына бала кезден егіледі. Халқымызда «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөз бар. Ауданда өз білімімен,шығармашылығымен,
өнерімен, дарынымен танылып жүрген оқушыларымыз көп.
Бүлдіршіндерімізге қолдан келген жақсылық жасау, оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтсақ, ауданымызда балалар алаңшалары көптеп ашу, саябақтарды абаттандыру және мәдени шаралар көбейіп, балаларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары атқарылып келеді.
Еліміздің болашағын жалғаушы сәбилердің күлкісі әр үйден шыға берсін. Балаларымыздың көрер қызығы көбейсін. Бүлдіршіндеріміз сабақтарын жақсы оқып, ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар үлкен азамат болып жетіле берсін.»- деді Б.Қуанышбайұлы.

You may also like

Leave a Comment