Home Руханият ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Daismedia.kz

Құрметті облыс тұрғындары!
Қадірлі қауым!

Сіздерді әлемнің барша мұсылман қауымы асыға күтетін Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл қасиетті мереке ынтымақ пен бірлікті, бауырмалдық пен мейірімділікті, қайырымдылықты, ізеттілік пен достықты насихаттайды.
Құрбан айт мерекесі діни мейрам болумен қатар бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Сондықтан да Құрбан айт зайырлы мемлекетіміздің рухани мерекелерінің бірі.
«Құрбан» сөзі «жақындау», «тығыз байланыста болу» деген мағынаны білдіреді. Әрбір мұсылман осы күндерде мұқтаж жандарға көмектесіп, қамқорлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілектерін айтып, жақсылық жасауға ұмтылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Шариғаттың шарттары мен халқымыздың әдет-ғұрпы үндескен дәстүрлі ата дініміз бар. Оның асыл құндылықтары осы күнге дейін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеп келеді. Ата жолын сақтап, дініміз бен салт-дәстүрімізді берік ұстау – біздің перзенттік парызымыз» деген болатын. Ата жолдан айнымау, ұлттық болмысымызды сақтау – міндет.
Сан ғасырлар дәстүрлі діни құндылықтарын ұлағаттап, қадір-қасиетін бағалай білген дана халқымыз дін мен дәстүр сабақтастығын ұштастырып, өркендеп-өсіп, тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Түркістан өңірінің мейірімді әрі еңбекқор тұрғындары да тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге өз үлестерін қосуда.

Ардақты ағайын!

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ынтымақ пен бірлігімізді, өзара татулығымызды нығайтып, еліміздің ертеңі үшін қайырымды істерді жүзеге асыра берейік!
Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

Алла-Тағала шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!

Баршаңызға Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Түркістан облысының әкімі

You may also like

Leave a Comment