Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысы аудан, қала жастар арасында өтілетін, «Conter Strike: Global Offensive» және «FC24 — Киберспорт» ойындарынан жарыс өтті.
Ойынның өткізілу мақсаты – аудан, қалалық жастар арасындағы интеллектуалды жастардың басын қосу, ынтымақтастықты арттыру. Облыс жастарын республикалық және әлемдік дәрежедегі киберспорт ойынына дайындау.
Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы қатысып, Түркістан өңірінде жастарды қолдауға, олардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік жасалып жатқанын атап өтті. Аталған ойыннан шыққан үздіктерді марапаттады.
Сонымен соңғы жылдары жастар арасында кеңінен тарап жатқан киберспортқа қызығушылар өте көп өтуде.
Киберспорт – компьютерлік және видео ойындарға негізделген командалық не жекелей бақ сынайтын спорт түрі. Тарихы 70-жылдардан бастау алатын компьютер ойындары бүгінде әлемнің бірнеше елдерінде ресми спорт түрі деп танылып, әлемдік жарыстар өтіледі. Киберспорттың әлемдік аудиториясы 230 миллионнан асады.
Ойынның екінші күні, бірінен-бірі аса түскен ойыншылар ойын көркін қыздыра түсті. Турнир соңында үздік деп танылған командаларды және жекелей қатысқан қатысушыларды Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы арнайы дипломдар мен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Киберспорт турнирі нәтижесі бойынша:
«Counter Strike: Global Offensive»
I орын «ULTRA» командасы – 500 000тг (Түркістан қаласы)
II орын «Fake Clan» командасы 300 000тг (Түркістан қаласы)
III орын «Rash C» командасы – 200 000тг (Түркістан қаласы)
«FC24 — КИБЕРСПОРТ»
I орын Әлихан Молдахан – 500 000тг (Жетісай ауданы)
II орын Ахмет Бахтияр – 300 000тг (Сарыағаш қаласы)
III орын Есхан Бақдәулет – 200 000тг (Шардара ауданы)