Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын – абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі әлі күнге дейін әжелеріміздің бойында сақталып, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне септігін тигізіп келеді.
25 – маусым Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Облыс аумағында ағымдағы жылдың «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында Қазақстан және КСРО халық әртісі Сабира Майқанованың 110 жылдығына орай, тәрбиелік мәні жоғары халықтық өнерді, салт-дәстүрді, мақал-мәтелдер мен жас сәбидің ақ әженің әлдиі мен жылы қамқорлығынан бастау алатындай әдет-дағдыларды жаңғырту, ұрпақ алдындағы парызымыз екендігін жеткізу, әжесінің ертегісін есітіп өскен баладан тәрбиелі ұрпақ шығатынын дәлелдеу мақсатында ұйымдастырылған «Ақ орамал — 2024» аудандық әжелер байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 11 ақ жаулық әже қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтижемен үміткерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
БАС ЖҮЛДЕ – Татыбаева Әсем (Жамбыл ауылдық клубы)
І – ОРЫН – Әмірсейітова Ханзада (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)
ІІ – ОРЫН – Абдулова Раушан (Момынай ауылдық клубы)
ІІ – ОРЫН – Бектұрова Жақсыгүл (Ленгір қаласы)
ІІІ – ОРЫН – Дулатова Зульфия (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)
ІІІ – ОРЫН – Рақымжанова Несібелі (Бейнеткеш ауылдық клубы)
«АҚ ОРАМАЛ» АУДАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
66
Алдыңғы