Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасы қатысып, спорт ойындарынан құралған 5 шарттан тұратын жарыста бақ сынасты.
Жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынды Қамановтар отбасы, 2-орынды Жусуповтар отбасы, ал 3-орынды Турдиевтар және Сатыбалдиевтар отбасы ие болды.
Сайыстың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен марапатталды.
Айта кетейік, аталған шара «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылды. Мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.