Home Жаңалықтар «ДОС-МҰҚАСАН» АНСАМБЛІНЕ — 55 ЖЫЛ!

«ДОС-МҰҚАСАН» АНСАМБЛІНЕ — 55 ЖЫЛ!

Daismedia.kz

«Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблі қазақ халқының мақтанышы.
Топ 1967 жылы 1 тамызда алғаш рет Павлодар облысындағы Баянауыл сахнасында өнер көрсетті. Ал биыл топтың құрылғанына 55 жыл толып отыр.
1967 ж Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды.

Ансамбль құрылған сәттен бастап, оның құрамы бірнеше мәрте өзгерді. Ұжым тарихында 30 музыкант өнер көрсетті. Өкінішке орай, Бақыт Жұмаділов, Құрманай мен Шәріп Омаровтар, Мұрат Сарыбаев, Камит Санбаев секілді біртуар азаматтар өмірден озды. Алайда олардың ғажайып дауыстары мен салған әндері ел жадында мәңгілікке қалды. Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген ансамбльдің репертуарында 300-ден астам ән бар.

«Дос-Мұқасан» тобының бір ерекшелігі — қазақтың халық әндері мен күйлерін өңдеуі. Олар бірте-бірте өздеріне тән орындау мәнерін қалыптастырды. Олар алғаш рет «рок» стилін дәстүрлі әнмен ұштастырды. Бұл олардың «ерекшелігі» болды.

Досмұқасан дәстүрлі фольклорлық-музыка туындыларды өз кезеңіндегі эстрадалық музыка мәнеріне сай өңдеп, жаңа сипат беріп, құлпырта орындады. Бұл сипат, әсіресе, “Жерұйық” рок-операсы (1980), “Дала және ғарыш” (1985) сияқты күрделі шығармалардан айқын танылды.

1971 жылы жазда танымал ресейлік сценарист және кинорежиссер Вилен Визильтер «Дос-Мұқасан» туралы деректі фильм түсірді.

Топтың 10 жылдығы 1977 жылы 29 және 30 желтоқсанда Ленин атындағы сарай сахнасында өтті. Бірінші және екінші құрамның 18 қатысушысы аспаптар мен микрофондарда бір-бірін алмастырды.

Топтың 20 жылдық басқосуында бірінші құрамы өнер көрсетсе, 1997 жылы 30 жылдығына арналған концерт болған жоқ.

Жарты ғасыр бұрын қазақ өнер тарихында жаңа серпіліс әкелген ансамбль әлемнің бірқатар елінде болып, қайталанбас дауысымен талайды тамсандырды. Концертте заманауи бағытта өңделген ескі әндер мен жаңа әндер шырқалады.
Топқа арналған ескерткіштер 2008 жылы Павлодарда, 2017 жылы Атырауда орнатылған.

Ансамбль әндеріне бірнеше буын өсіп келеді. 2022 жылы «Дос-Мұқасан» атты фильм жарық көріп, үздік кинотуындылардың қатарында көрінді.

Аты аңызға айналған өнер тобының өмірбаяндық драмасы Қазақстанда 2022 жылдың 29 қыркүйегінде прокатқа шыққан.
Киножоба Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық кинемато­гра­фияны қолдау мемлекеттік орта­лы­ғы­ның қолдауымен түсірілген. Сондық­тан ұлттық құндылықтар­ды, қазақ тарихын насихаттау бағытын­да мемлекет тарапынан қолдау тапқан фильм деуге болады. Аталған киношығарманың түсірі­лім жұмыста­рын жүргізген Aray Media Group студиясы. Ал фильмнің сценарий авторы – Евфрат Шәріпов.

You may also like

Leave a Comment