Home Жаңалықтар ТАБАНТАЛДАН ШЫҚҚАН ТАЛАНТ ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ

ТАБАНТАЛДАН ШЫҚҚАН ТАЛАНТ ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ

Daismedia.kz

Биыл ақын Ізтай Мәмбетовтің туғанына 95 жыл.
Ізтай Мәмбетов 1929 жылы Алға ауданының Бесқоспа ауылында дүниеге келген. Ақынның шын есімі – Ізбасқан, бірақ жастайынан еркелетіп Ізтай атандырған. Әкесі –Тілеулі, шешесі – Күнзила. Қазақтың лирик, эпик ақыны, журналист, аудармашы.
Ізтай Мәмбетов Алға өңірінің Табантал деген өзенінің бойында дүниеге келіп, туған шешесінен жастайынан жетім қалған. Көп қиындық көрген өзінің мұңын, жетім бала психологиясын «Өгей шеше» өлеңіне сыйғыза білді. Бұл өлең жөнінде жазушы Сәбит Мұқанов жазушылардың бір жиналысында: «Өгей шеше талай заман бойы әдеби шығармаларда жақсы ұғымға ие болған емес еді. Ізтай бірінші рет ол туралы керемет өлең жазды. Онда ол нағыз кісілігі жетіп тұрған әйел өгей шеше бола алмайтынын дәлелдеп шықты», — деген.

№6 Ақтөбе қазақ орта мектебінде оқып, үздік бітірген. 1953 жылы ҚазМУ-ді бітірген. «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында қызмет істеген.

Ізтай Мәмбетов әдебиетке дауылдата келді. Оның өлеңдерінен оқырмандар ерекше бір лепті, өзгеше мінезді түйсінді. Сондықтан да ақын шығармаларына жұртшылық құмартушылықпен қарады.

Мен туыппын ақпандатқан боранда,
Кім біледі бәлкім әлде содан ба.
Алақұйын мінезім бар ашулы,
Қапелімде басылам ба, болам ба?

Осы бір өлең шумақтарын талайлар ілезде жаттап алып, айтып жүрді. Сол тұстарда ол жарқ етіп «Күлімдеген қара көздер қалалық» деп аталатын дүниесімен және көрінді. Енді ғана мұрт өсіріп, бой түзей бастаған көптеген бозбалалар осы туындыдағы сөздері өз сырым, өз мұңым деп ұқты.
Алға ауданындағы Табантал өзені бойында 1929 жылы дүниеге келген Ізтай Мәмбетов қазақтың ақын-жазушыларының қаймағы жиналған Алматыда сонау елуінші жылдардың басында осылайша танылды, осылайша мойындалды.

Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1955 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Таңдаулы өлеңдері рухани асыл мұраға айналды». Одан кейін «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Ұзақ жыл», т.б. өлең кітаптары, бірнеше дүркін таңдамалысы баспа жүзін көрген.
Бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

Ізтай Мәмбетов ширек ғасырлық ақындық жолында жиырмаға жуық өлең кітап жазып, әлем әдебиеті мен орыс классиктерінің қыруар маржандарын өз ана тіліне аударған іскер азамат ақын екендігі белгілі. Кезінде Ізтай Мәмбетовпен тұстас өмір сүрген замандасы белгілі қазақ ақыны Ғафу Қайырбеков ол туралы: «Оны замандастарымен біз көбірек білеміз. Оның ақ көңілділігі, баладай тәуекелшіл сенімшілділігі, ер-жомарттығы, тура кететін шыншылдығы — бәрі жұртты еріксіз баулап әкететін қасиеттер еді», — деген екен. 

 Ізтай Мәмбетов Алға өңірінің Табантал деген өзенінің бойында дүниеге келіп, туған шешесінен жастайынан жетім қалған. Көп қиындық көрген өзінің мұңын, жетім бала психологиясын «Өгей шеше» өлеңіне сыйғыза білді. Бұл өлең жөнінде жазушы Сәбит Мұқанов жазушылардың бір жиналысында: «Өгей шеше талай заман бойы әдеби шығармаларда жақсы ұғымға ие болған емес еді. Ізтай бірінші рет ол туралы керемет өлең жазды. Онда ол нағыз кісілігі жетіп тұрған әйел өгей шеше бола алмайтынын дәлелдеп шықты», — деген.

Кезінде Ізтай Мәмбетовпен тұстас өмір сүрген замандасы белгілі қазақ ақыны Ғафу Қайырбеков ол туралы: «Оны замандастары мен біз көбірек білеміз. Оның ақ көңілділігі, баладай тәуекелшіл сенімшілділігі, ер-жомарттығы, тура кететін шыншылдығы — бәрі жұртты еріксіз баулап әкететін қасиеттер еді», — деген. 

 Ізтай Мәмбетов ширек ғасырлық ақындық жолында жиырмаға жуық өлең кітап жазып, әлем әдебиеті мен орыс классиктерінің қыруар маржандарын өз ана тіліне аударған ақын.
Бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

You may also like

Leave a Comment