Бүгін Түркістан жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Түркістан жоғары медицина колледжінің бірінші курс студенттерін студент қатарына қабылдау рәсімі өткізілді. Жиынға колледж студенттері мен оқытушылары және белсенді студенттердің ата-аналары қатысты.
Жаңа оқу жылы барысында оқуға түскен студенттерді құттықтау кешіне арнайы қонақтар шықырылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова студент жастарға білім жолында сәттілік тілеп, болашақ орта буынды медицина мамандарын даярлап отырған білім ордасын 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Салтанатты шарада Түркістан облыстық мәслихатының құрмет грамотасымен «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі С.Абитаева, химия пәнінің оқытушысы М.Жайсанбаева марапатталса, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен №9 хирургия және туыстас пәндер бойынша ЦӘК төрайымы Г.Аманбаева, жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Д.Кусембаева марапатталды. «АMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен А.Нурсейтова, Р.Алтай, Г.Амирова, З.Нуржигитова, М.Муханова және белсенді студенттер Б.Дүйсенбек, Ә.Қаржаубаева, А.Жүзболат, С.Азимов, О.Дастанов марапатталды.