Home Жаңалықтар ОТЫРАР АУДАНЫНДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Daismedia.kz

Биыл қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында адуынды ақын, дарынды жазушы, публицист әрі журналистика саласының майталман маманы атана білген Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толды. Осы орайда жыл басынан бері Түркістан өңірінде көптеген мәдени-танымдық іс-шара өткізіліп, Саттар мұралары дәріптеліп келеді. Бұл үрдіс ақынның кіндік қаны тамған Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында жалғасып, Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін білім ұясында жыр мүшәйрасы мен ғылыми конференция өткізілді. Іс-шараны «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігі, аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымы, қаламгердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары бірлесе ұйымдастырған.

Саттар Ерубаевтың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталған іс-шараға ақынның немере қарындасы Ұлжалғас Есім, «Саттартану» оқулығының авторы Дана Жуандықова, «Игілік ата» қоғамдық қорының төрағасы Нассень Қожабай, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Еркеғали Жұмабек арнайы қатысты. Жиынға келушілер алдымен мектеп ауласында орналасқан Саттар Ерубаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Содан соң, Түркістан қаласында орналасқан Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайдың көрмесін тамашалап, ары қарай іс-шара екі бағыт бойынша жалғасты.

You may also like

Leave a Comment