Home Жаңалықтар ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ҚАРТБАЙ БЕРЖАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ҚАРТБАЙ БЕРЖАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Daismedia.kz

Қасиетті халқымыздың рухани мұрасының әр саласында жемісті еңбек етіп, республика жоғары мектебін дамытуда ұмытпас із қалдырған, атсалысқан, педагогика ғылымының іргетасын қалауда ерекше еңбек сіңірген дарынды тұлғаларымыз аз емес. Олар: М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Меңдешев, С.Қожахметов, Ә,Сембаев, т.б. Солардың қатарына педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Б. Бержановты (1924-1976) жатқызуға болады.
Қ.Бержанов бірнеше оқулықпен монографиялық еңбектің ,200-ге тарта мақаланың авторы.Оның бірі “Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941)қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан “атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады.

Ғалым туындыларының өзегі педагогика тарихының мәселелері болып саналады. Ол ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегінде ұдайы арқау етіп отырған.

Қартбай Бержанов бұрынғы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданы. Қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген болатын. Ата-анасынан ерте жетім қалған Қартбай Бекенұлы балалар үйінде тәрбиеленді. Орал қаласындағы музыка мектебінің скрипка сыныбын үздік бағамен бітірді.

Қартбай Бержанов 1943 жылы Алматы қаласына келіп, Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1947 жылы үздік белгімен бітіреді. Оқып жүріп, Алматы қаласындағы 12 қазақ орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп, болашақ мамандығын шыңдай түседі.

Белгілі ғалым Р.Г.Лембергтің («Кеңес мектебіндегі сабақ», «Кеңес мектебіндегі оқыту әдістері», «Дидактикалық очерктер», «Сабақ жүргізу туралы мәселе», «Оқыту мен тәрбиелеудің бір тұтастығы», т.б.) ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени-ағартушылық қызметі тарихынан» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

1961-1967 жж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында жұмыс істей жүріп, көп жылғы ғылыми –зерттеу жұмысының нәтижесінде «Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы» тақырыбында 1965 жылы докторлық диссертация қорғады.

Қартбай Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі «Қазақстан мұғалімдерінің» (1917-1941) қоғамдық және мәдениет ағартушылық ісі тарихынан» атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердңің қатарынан орын алады.

Еңбектері: «Оқу- ағартудағы халықтар достығы» (1976 ж.), «Педагогика тарихы» (С.Мусинмен бірге), «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» (1973 ж.), «Қазіргі педагогиканың актуальды мәселелері» (1974 ж.), т.б.

Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінде И.К.Кириллов пен П.И.Рычков туралы құнды деректерді келтіреді. В.Н.Татищев, И.Г.Андреев еңбектеріне талдау жасайды. Орыс-қазақ мектептері мен әскери оқу орындарының рөліне тоқтала келіп, олардың прогессивтік маңыздылығын ашып көрсетті.

«Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы» атты еңбегінің негізгі тарауының бірі – қазақ ағартушыларының орыс-қазақ қатынастарының дамуындағы рөлін баяндауға арналған.

Қартбай Бержанов бұл еңбегінде педагогикалық ой-пікірдің дамуында Қазақстанның көптеген көршілес түркі тілдес халықтарымен байланысы мен ынтымағын көрсететін мол тарихи –педагогикалық деректерге сүйенеді. Еңбекте қазақ- татар, қазақ-башқұрт халықтары арасындағы мәдени-ағарту байланыстарына жан-жақты талдау жасалған.

Кезінде М.Балақаев Т.Тәжібаев туралы былай деп жазған болатын: «Үлкен педагог, әрі дипломат академик Т.Тәжібаевтың жүзі қандай жарқын болса, ойы да сондай айқын, сөзі де сондай майда, сыпайы әрі салмақты болатын.Біреумен сөйлесе кеткенде, оның сөзінен білімді, мәдениетті адам екені бірден сезілетін. Алғашқыда әдемі көрінетін кейбіреулермен жақындаса келе, бұл қасиеттер олардың бойына дарымағандығын, әлгі әдептілігінің жасанды бірде олай, бірде бұлай болатыны бірден аңғарылатын. Т.Тәжібаевтың ізеттілігі оның әбден қанына сіңген табиғи қасиеті еді» [3,343 б.].

Татар мен башқұрт халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, классиктері Ғ.Тоқайдың, Ғ.Ибрагимовтың, Ш.Бабич, М.Ғафуридың, С.Құдаштың, т.б. өмірі қазақ халқымен, жерімен тығыз байланыста болды. Олар қазақ жерінде ұстаздық қызмет атқарып, еңбектерін қазақ даласына, қазақтың оқу-ағарту қайраткерлерімен өздерінің қарым-қатынасын баяндауға арнады.

«Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Ол-өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, саяси-адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді.Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді»,- деп жазды Қ.Бержанов пен С.Мусин өздерінің «Педагогика тарихы» атты оқулығында [2, 3 б.].

1976 жылы 51-ге қараған шағында дарынды талант иесі, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Қ.Б.Бержанов дүниеден озды.

Қартбай Бекенұлы Бержанов қазақ педагогика ғылымының тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосқан, халқымыздың мақтан тұтар перзенттерінің сапынан ерекше орын алады.

You may also like

Leave a Comment