Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Daismedia.kz

2025 жылғы 10-12 қаңтар күндері аралығында Шымкент қаласында ИП «SAF» компаниясының 1 жыл толуына орай, еркін күрестен 2010-2011, 2012- 2013 ж.т және 2014-2015 ж.т кіші жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті.

Республикалық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 450-ге жуық жас палуандар қатысып, бақтарын сынады.

Осы дүбірлі жарыста Сайрам ауданы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары 48 келі салмақ дәрежесінде Анартай Жанбол III орын, 29 келі салмақ дәрежесінде Абдирахманов Асадбек III орын олжалап қайтты.

Осы орайда, олардың айтулы жарыста жеңіс тұғырынан көрінуінде жаттықтырушылары Әріп Нұржігіт пен Нұрымбет Атабекұлының еңбегі өлшеусіз екенін айта кеткеніміз абзал.

You may also like

Leave a Comment