Home Жаңалықтар ТҮЛКІБАСТА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Daismedia.kz

Түлкібас ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Айтулы күнге орай ұйымдастырылған іс-шаралар аудандық атшабарда жалғасты. 15 мыңнан астам аудан тұрғындары мен қонақтары ұлттық ойындарымыз көкпар, қыз қуу, аударыспақ, құнан бәйге, қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, гір көтеруден өткен сайыстарға атсалысып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Жарыс нәтижесімен командалық жастар көкпарында бас жүлдені Жабағылы ауылдық округінің, ересектер арасында Арыс ауылдық округінің шабандоздары иеленді.

Қошқар көтеруден бас жүлдені Маймақов Есімхан қанжығасына байласа, Құнан бәйгеде бас жүлдені Касимов Смайыр иеленді. Теңге ілуден бас жүлде Сламбек Бекзатқа бұйырса, қол күрестен Ваноев Нанболат қарсыласқа шақ келтірмеді. Аударыспақтан Абай Ережеп мықтылығын танытып, түйе балуандар сайысында келтемашаттық Дәулет Жарылқап жеңіс тұғырынан көрінді. Қыз қуудан бас жүлдені Сағынбек Иманғали мен Карпенко Оксана иеленсе, командалық арқан тартыстан Шұқырбұлақ ауылының жігіттері мықтылығын дәлелдеді.

Барлық жүлделі орындардан көрінгендер ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.

You may also like

Leave a Comment