Home Тарихи мұра ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ — ХІ ҒАСЫРДАҒЫ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ

ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ — ХІ ҒАСЫРДАҒЫ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ

Daismedia.kz

Ұлы даламыздың тарих қойнауында көрегендігімен, даналығымен ерекше құрметке ие болған аналар жетерлік. Олар ұлттың ұйытқысы болып, ұрпақ тәрбиесінде аянбай еңбек етті. Олардың көпшілігі көшпенділердің музасына айналып, жаңа жеңістер мен жетістіктерге шабыттандыра білді.

Бәйдібек бидің кіші әйелі Нұрила – ұлы аналардың көшін бастап тұр. Оны халықымыз ұлт анасы деп бағалап, ерекше құрметтеген. Ел арасында «Домалақ ана» аталып кеткен ол – тектілік пен даналықтың бейнесі.

Нұрила 1378 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қаратау, Балабөген өзенінің жағасында жерленген- есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесінің есімі -Әли Сылан, анасының есімі-Нұрбике. Нағашы ағасы Уәйіс хан-Моғолстанның ханы болған. Домалақ ананың әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп түзде жүреді, ел анасы ерте қайтыс болып, жетім қалады. Сөйтіп Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Кейінірек Бәйдібек бидің шақыруымен Мақтым Ағзамның отбасы Қаратау маңына көшіп барып қоныстанады. Мақтым Ағзам жаңа қонысында мектеп-медресе ашып, мешіт салдырады. Осында жүріп бой жеткен Домалақ ана атасы Мақтам Ағзамның өсиетімен 19 жасында (1397ж) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады.

Бәйдібек бимен таныстығы туралы ел арасында бірнеше аңыз бар. Солардың бірінде, «Түркістанға әйгілі қазақтан шыққан сопының мазарын көру үшін келген Бәйдібек би Домалақ ананы сонда алғаш кездестіреді. Нуриланың өткір ойы мен әдептілігі оны ерекше таң қалдырады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі бір сәуегей: «Осында бір айналасына нұр шашып жүретін, құдайдың рақымы мен мейіріміне бөленген бір қыз бар, соны әйелдікке алыңыз», — деп кеңес береді. Бәйдібек би оның кеңесіне құлақ асып, көп ұзамай Нұрилаға үйленеді» делінген.

Осы оқиғаның тағы бір нұсқасы бойынша: «Ортағасырлық шежірелер бойынша Нұрила Бәйдібек бидің үйінде күң болған. Құдықтан су алмақшы болып жатқанда қыз байқаусызда құлап кетеді. Бидің қызметшілері көп болса да, жылқыларды өзі суаратын әдеті болған. Үйірді айдап апарып иіріп, құдыққа үңілгенде түбіндегі Нұриланы көреді. Қызды құтқарып алады, сол сәтте ғашық болады. Нұрила Бидің үшінші әйелі болып, оның ұрпағын жалғастырады»-делінген.

Домалақ ананың ұрпақтары ақыл-парасатымен, білімімен ерекшеленіп, халықты да басқарған. Сонымен, оның баласы Жарықшақ Ташкент әмірінің кеңесшісі болды, кейінірек ол Жетісудың билеушісі, содан кейін Есенбұға ханның бас уәзірі болған.

Қазақ халқы көрегенді әйелдерді бұрыннан ерекше бағалаған. Олардың кеңесіне құлақ салып, ақылын тыңдаған. Бұл көшпенділер әйелдерінің даналығының дәлелі. Нұрила ақылды, парасатты және ықпалды болғандықтан, оның ақыл-кеңесіне міндетті түрде құлақ асып отырған. Оның үстіне ол өте көреген еді. Күйеуіне айтқан сәуегейлігі туралы да аңыз бар: «Бірде Қаратау жотасының етегінде орналасқан Бәйдібек ауылына жау шабуыл жасап, оның мыңдаған жылқыларын ұрлап әкетеді. Бұл кезде Бәйдібек пен басқа да жігіттер ауылдан алыста еді. Шабуыл туралы хабарды естіген Бәйдібек қол жинап, үлкен әйелі Сары Байбишенің алты ұлымен бірге іздеріне түседі. Бір заматта ұрланған мың жылқыдан мінілмеген бір асау жылқы қайтып келеді. Ол ат Домалақ ананың киіз үйінің жанындағы кермеге байланады. Бәйдібекке хабар жіберген Домалақ ана: «Жаудың артынан жүрмеңдер, айғыр бізде қалды. Алты күн өткеннен кейін, асау үйір өзіңе қайтып келеді. Балалар аман оралсын. Тілегім осы», — дейді. Бірақ батыр әйелін тыңдамай, жауға қарсы аттанады. Күйік асуынан жауды қуып жетіп, шайқасқа қосылады. Алайда жақсы қаруланған жау Бәйдібектің тобын жеңеді. Бұл шайқаста оның алты баласы бірдей қайтыс болады. Оларды Үшқарасай аңғарына жерлеп, би үйіне қайтады. Алты күн өткен соң, үлкен үйір жылқы үйге қайтып келеді. Бәйдібек би Нұрила ананың сөзіне құлақ асқанда, оның балалары аман қалар еді… Домалақ ананың көптеген болжамдары орындалған еді.

Аңыз бойынша, Ұлы жүз, Албан, Суан және Дулат Домалақ ананың немере ұрпақтары.

Нұрила он тоғыз жасында атасы Мақтым Ағзамның күні бұрын болжап айтуымен екі әйелі бар Бәйдібекке күйеуге шығады. Алғашқы күннен бастап күншіл, қатыгез бәйбішенің қорлығына кезігеді. Бірақ асқан ақылдылық, сабырлылық танытып, бәріне төзіп бағады. Тіпті дүниеге жаңа келген нәрестесі Тілеубердіні (Жарықшақ) өлтірмек болған қастық әрекетіне де кешірім жасайды. Бұл — бүкіл адамзат тарихында сирек кездесетін, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге болар, тек ұлы анаға ғана тән мінез еді. Ол кісінің Домалақ ана (әулие ана) атануы да осындай мейірімге жүрегі толы болғандығынан болса керек. Ол кісі дөңгелек жүзді болған деседі.

Домалақ ананың елге ақылдылығымен, даналығымен, тазалығымен аты шыға бастағаны осы кез еді. Ана кереметі: шыдамдылық пен көнбістік, ақылдылық пен қанағат, ұрпақ тазалығын сыйлаушы рух иесі. Әулие анамыз орта бойлы, дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы, ойлы көзді жан болған. Ол туралы көне тарихи дүниелерде көп кездеседі, парсы шежірелерінде Нұрила бибі жайында хикаялар жетерлік. Бірқатар тарихшы, жазушылардың дәлелдеуіне қарағанда, ірі қолбасшы әрі би, аса көрнекті мемлекет қайраткері Бәйдібек баба мен Домалақ ана Тәшкен шаһарында тұрған. Қаратау мен Алатау баурайларын, Қазығұрт төңірегін жайлау еткен. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» драмасында сол кезең кеңінен суреттеледі.

Оның даналығы, әулиелігі, тапқырлығы жайындағы әңгімелер ел арасында кең тараған. Соның бірі- «Домалақ ана» атауы жөніндегі ел аузында айтылатын аңыз. Ел ішіндегі деректерге қарағанда Домалақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара хайдар деген кісі оның даналығына тәнтті болып қойған екен. «Диһнат мама»-парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағана береді. «Диһнат мама» сөзі уақыт өте келе тілдің даму заңдылығына орай дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Домалақ ана ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосқан. Домалақ анадан ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылдылығымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы әуелі Ташкент әмірлігінде кеңесші, кейін бүкіл Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. Оны Домалақ ананың нағашы атасы Моғолстанның ханы Уәйіс хан қолдап отырған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есен Бұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. Көш Балабөген өзенінің жағасына келген кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді. Домалақ ананың немересі ұлысбегі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там тұрғызылады. Домалақ ананың бұл күмбез-зираты қастерленіп, елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған. Кесене 1957,1996жылдары қайта жөндеуден өткен.

Домалақ ананың шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.

Кесенесі
Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. Домалақ Ана кесенесі бастапқыда 1456 жылы күмбездері бар 4-қабырғалық мазар түрінде салынған. Құрылыс бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетіп сақталмаған.

19 ғ.аяғында- 20 ғ.басында іргетасында төртбұрыш кірпіштен салынған ескі бастапқы қалауы ғана қалған бұрын бұзылған құрылыстың орнында жаңа ғимарат салған. Мазар ішінен және сыртынан сыланған және ақталған. Кірпіштен салынған шағын құрылыс ротонда – қасбетінде 6 текшемен безендірілген цилиндр көлем болып табылады. Оңтүстік текшесінде жебелік қосқышы бар кіреберіс болған. Кең күрекшелер пилястрлар аласа цокольге тіреніп тұрған және күмбезді бөлетін ернеудің сызығын 3 кертпешпен ұстаған. Ішкі көрінісінде зер элементтері бролған жоқ. Надпись на казахском языке, выполненная на стене у входа в мазар, сообщала Мазарға кіретін есіктегі қабырғада қазақ тіліндегі жазу бар: «Ақсұлтан қызы, Бабыжар Ұлы Ана құрметіне салынған ескерткіш». Астында жазылған өлең шумағында аналарды құрметтеуге үндеу бар.

Кесене қазіргі кейпіне 1996 жылы сәулетші С. Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына келтірунен кейін ие болды. Жұмыс барысында Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қалау жасалынған. Домалақ Ана кесенесінің биіктігі 12 құрайды, сегізқабаттық күмбезі негізні құрылыс үстінде орналасқан.

Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

Әдебиетімізде Домалақ ана туралы бірнеше әпсана бар. Сол аңыздардың бірінде Нұрила анамыздың атасы Мақтым Ағзамның түс көргендігі айтылады. Түсінде Қожа Ахмет Ясауи баба аян беріп: «Жалғыз немере қызыңа әулиелік дарып, бақ қонады. Оның білегінен кім ұстаса, сол адамға некесін қиып қос! Үбірлі-шүбірлі бақытты болады» депті. Ояна кетсе, түсі екен. «Иә, Құдай, осы түсімді Пайғамбардың өзі жорып, Нұрила қызымды бақытты қыла гөр, әумин!» деп бата қылыпты. Ол уақытта Нұрила сегіз жаста болса керек, мешітте дәріс алып жүрген кезі екен. Жылдар жылжиды. Нұриланың жасы он төртке толады. Бір күні Нұрила құдыққа суға барады. Ол уақытта суды түйе мойнақ қауғамен тартатын. Нұрила қауғаны құдыққа түсіріп, су тола түйе мойнақты кері тарта бергенде, шығыр ағытылып кетіп, қауға-мау­ғасымен қыз терең құдықтың түбіне күмп ете түседі. Бұл жайтты ойнап жүрген балалар көріп, ауылға хабар береді. Құдық басына елден бұрын жеткен Бәйдібек құдыққа еңкейіп қараса, қыз қауғадан ұстаған күйі су бетінде қалқып тұр екен. Нұриланы құдықтан тартқан Бәйдібек қыз құдық аузына жеткенде білегінен ұстап, шығарады. Мұздай судан тоңып қалған Нұриланы Бәйдібек шапанына орап, атасының үйіне апарады. Келесі күні Түркістаннан Нұриланың Мақтым атасы келеді. Мәселенің мән-жайына қаныққан ақсақал бірде көрген түсін есіне алып, Қожа Ахмет бабасының аяны бойынша немересінің білегінен кім ұстаса, сол адамға ұзатуға тиіс екенін айтады. Келесі жылы Нұриланы Бәйдібек биге ұзатып, бірнеше күнге ұласқан той болады.
————————-

Тағы бір аңыз желісі: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үй­ір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған.
Бірде Алатау асып келген жау Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты дегенді естіп Бәйдібек елден жасақ жиып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила: «Байеке, малдың құты құла айғыр қолда қалды, амандық болса, алты күннен ке­йін жылқы жауға қайыру бермей қайта келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» деп өз отауына кіріп кетеді. Арада алты күн өткенде байлаулы құла айғыр жер күңіренте күшпен кісінейді. Сол күні шығыста қалың шөп көрінеді. Ереуіл барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек» дейді.
————————-

«Ертеде Сыр бойында Бәйдібек деген бай өмір сүріпті. Екі әйелі болыпты. Тоқалы аласа бойлы, толықша әйел болғандықтан жұрт оны «Домалақ» деп атап кеткен, шын есімі Нұрила екен. Нұриланы бертін келе ақыл-парасатына қарай ел құрметтеп «Домалақ ене» деп атаған.
Бәйбіше тұрғанда тоқалға күн бар ма? Үлкен әйел күндестігін жасайды. Бірде бәйбіше түнде Домалақ ананың үйіне түйе болып келіп сүйкенеді. Сонда бәйбіше екенін біліп жатқан Домалақ ене төсегінен тұрмай:
– Атшу-атшу, жануар, түйемісің, мыңға жеткін, қастық еткен адам болсаң, жаман ниетің өзіңді атсын! – деген екен.
Күндердің бір күнінде ауыл көшеді. Бәйдібек бай балаларын ертіп, ертерек қоныс таңдауға кетеді. Бәйбіше Домалақ енені жұртқа тастап кетеді. Біраз уақыттан кейін ауылды шабуға келе жатқан жаудың қарасы көрінеді. Жұртта жалғыз қалған Домалақтан жөн сұрайды. Оларға басқа жол көрсетсе де, жау көштің ізіне түсіп, ауылды шауып, барлық жылқыларын айдап әкетеді.
Кері келе жатып, ескі жұртта қалған Домалақ енені көріп, жау басшысы аяушылықпен:
– Мына олжадан қалағаныңызды алыңыз, – деп ұсыныс жасайды.
Сонда Домалақ ене:
– Онда, ана жал-құйрығы ұйысқан кәрі арық, сары биені қалдырып кетіңдер, – дейді.
Шапқыншылар сол екеуін қалдырып кетеді. Сол күні түс ауа Бәйдібек ұлдарымен жаудың артынан қуып келеді.
Жолай жөн сұрағанда Домалақ ене:
– Сендер жауды қумаңдар, олар көп, босқа мерт боласыңдар! Мына сары бие тұрғанда жылқы ешқайда кетпейді. Кешке өз аяқтарымен қайтып келеді, – дейді.
Олар Домалақтың айтқанына құлақ аспай жаудың ізіне түсіп, артынан қуып барып, ұрыста бірқатары қаза табады. Ал жылқылар жаудың айдауына көнбей, жан-жаққа бытырап, сол күні кеш қарая сары биеге келіп шұрқырай жиналады.
Міне, осындай көптеген тапқыр да ақылды істері арқасында Домалақ ана халық арасында аңызға айналып, үлкен беделге, сый-құрметке ие болған» деген аңыз да бар.
———————

«Бір күні Домалақ ана түс көреді, түсінде Бәйдібек баба қасына шақырып жатыр екен. Бұл түстен соң, Домалақ ананы Ташкенттен Боралдайға көшірмек болады. Осылай жолға шыққан олар үш күн дегенде Бала бөгенге жетеді. Осы жерде Домалақ ана балаларынан: «О дүниелік болып кетсем, Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар» деген тілегін айтады. Домалақ ана өзеннен беті-қолын жуып, дәрет алып, кіші бесін намазын оқып, дұға етеді. Бетін сыйпап, енді ұмтыла бергенде, орнынан тұра алмай, о дүниеге аттанып кете барады. Сөйтіп, 1456 жылдың 28 мамыр айында 78-ге қараған жасында қасиетті әулие ана Нұрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Ал кесенесі XI-XV ғасырлары бірнеше рет жөнделіп, 1966 жылы ақ тастардан қайта қаланған» дейді көне көздер.

Бүгінгі күнде Домалақ Ана кесенесі Оңтүстік Қазақстанның басты көрікті жерлер тізіміне кіреді және қазақ халқының ұлы шешесіне табынуға ниеті бар туристтер мен қажылық жасаған адамдардың арасында танымал болып табылады.

Домалақ ана өмір сүргеннен бері көп уақыт өтсе де, халық арасында әулие болып танылған ананың кесенесіне барар халықтың қарасы үзілген емес.

You may also like

Leave a Comment