Home Жаңалықтар ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Daismedia.kz

Бүгін ауданымыздағы табысты сала кәсіпкерлік саласының, өндіріс және шет елден инвестиция тарту бағытындағы жарқын жұмыстарымен танысуға Ақтөбе облысынан арнайы делегация келді.
Мақсат – ауданымыздың осы саладағы озық жетістіктерімен тәжірибе алмасып, дамудың жолын іздеу. Делегация құрамында Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Сұлтанғали және индустриялық иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Жарасқанұлы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ақгүл Советоллаевналар болды.

Іскерлік сапарман келген әріптестерді аудандағы кәсіпкерлік саласының тыныс-тіршілігімен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова таныстырды.
Делегация аудан аумағындағы іске асырылып жатқан «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» компанисының алюминий профильдерін өндіру және “Бөрте Милка” ЖШС-нің сүт тауарлын өндіру зауыттарында болып, заманауй өндіріс орындарындағы кәсіптің қыр-сырын бағамдады.

Айта кетсек «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» компанисының алюминий профильдерін өндіру зауыты өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна аллюминний өнімдері болатын, 200 адамға тұрақты жұмыс беретін ірі жоба.
Ал, тұрғындарды табиғи сүт өнімдерімен қамтитын “Бөрте Милка” ЖШС-нің зауыты тәулігіне 50 тонна өнім өндіріп 43 адамды тұрақты табыспен қамтып отыр.

You may also like

Leave a Comment