16
Талдықорған қаласының орталық бассейнінде жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам спортш халықаралық жарыстарға жолдама үшін таласты. Түркістан облысынығ спортшылары 12 медаль жеңіп алды.
Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко, Анастасия Ермакова, Глеб Басов, Дарья Токтобаева, Диана Тасжанова бағдарламаның әр түрінен 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Бұл нәтиже Түркістан командасына медальдық есепте екінші орынға шығуға мүмкіндік берді.
Қазіргі нәтижелер көңіл қуантарлық. Спортшылар жеңіске деген жігері арқылы сәтті өнер көрсетті. Ендігі меже – халықаралық жарыстарда өз мүмкіндігін жіберіп алмау», дейді облыстың аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаев.