Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖАС БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖАС БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Daismedia.kz

Бүгін Рухани астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысы бойынша аймақтық ақтық сайыстар басталды.

Айтулы жарысқа облысымыздың аудан-қалаларынан 179 жас спортшы қатысуда. Шаршы алаңдағы бәсекелер жоғары деңгейде өтіп, жас боксшылар шеберліктерін паш етуде. Әр салмақ дәрежесінде өткізіліп жатқан жекпе-жектер – тек жеңіс үшін емес, болашақ чемпиондардың қалыптасуы жолындағы маңызды сынақ.

Тартысты турнирдің қорытындысы 24 мамыр күні белгілі болады. Сол күні өз салмағында үздік атанғандар облыс чемпионы атағына ие болып, алдағы республикалық жарыстарға жолдама алады.

Айта кетейік, ел намысын әлем аренасында қорғап, спорт тарихында өшпес із қалдырған Бекзат Саттархановтың есімімен аталатын спорт кешенінде өтіп жатқан бұл дода – өскелең ұрпаққа рух беріп, патриоттық сезімді арттыруда үлкен маңызға ие.

You may also like

Leave a Comment