Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облыстық футбол федерациясының жаңа президенті болып облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов сайланды. Бұл шешім футбол мамандарының қатысуымен өткен басқосуда қабылданып, өңірдегі футболды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Футбол — дүние жүзінде ең кең тараған спорт түрі. Енді бұл спорт Түркістан өңірінде де қарқынды дамып, халықаралық деңгейге көтерілуге бет алды. Бұл орайда облыс орталығындағы заманауи «Түркістан Арена» стадионы толыққанды инфрақұрылымдық талаптарға сай келеді.

Отандық футболды жаңғырту мақсатында Түркістан облыстық футбол федерациясы кешенді қолдау көрсететін болады. Федерация басшысы ретінде Нұралы Әбішов балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, сондай-ақ аудан, ауыл-аймақтарда футболды УЕФА талаптарына сәйкес өркендетуге баса назар аударатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Премьер-лигадағы Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» футбол клубының жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін нақты жұмыстар қолға алынбақ. Өңірдегі стадиондардың инфрақұрылымы да Қазақстан футбол федерациясының стандарттарына сай жаңартылатын болады.

Жиынға қатысқан облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров өңір футболын жаңғырту жолында тың бастамалар жүзеге асатынын атап өтті.

Алдағы маусымда Премьер-лига клубтары арасында өтетін Қазақстан чемпионатында «Тұран» командасы үздіктер қатарынан көріну үшін жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіледі.

You may also like

Leave a Comment