Home Жаңалықтар ТРИАТЛОНШЫ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 1 АЛТЫН, 2 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ТРИАТЛОНШЫ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 1 АЛТЫН, 2 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан қаласында 15–19 мамыр аралығында олимпиадалық стандартқа сай ескек есу каналында өткен су спорты түрлерінен Қазақстан чемпионатында түркістандық спортшылар үш бірдей жүлдеге қол жеткізді.

U19 санатындағы спринттік қашықтықта Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Софья Колюка алтын жүлдеге ие болды.

Ал U13 санатындағы суперспринт қашықтығында Мұхаммедәли Дүйсенбайұлы мен Ұлдана Уәлихан қола медаль еншіледі.

Жарысқа спортшыларды Түркістан облысының триатлоннан аға жаттықтырушысы Георгий Романюк пен облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Әділхан Лесов дайындады.

Жеңісті күндеріміз көп болсын, жеңіс тұғырынан түспеңіздер!

You may also like

Leave a Comment