2025 жылғы 23-25 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында каратэден (WKF) өткен Азия чемпионатында ОЕ ҰСТБ ЖСШМ спортшысы
Қанай Әсел 61 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Жартылай финалда Қанай Әсел @assel.kanay өзбек спортшысымен қиын жекпе-жек өткізді. Аяғынан жарақат алғанына қарамастан, ол қайсарлық танытып, жекпе-жекті соңына дейін жалғастырды. Тартысты өткен кездесуде есеп 3:3 болғанымен, жеңіс өзбек спортшысына берілді.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Әсел Малайзия спортшысымен кездесіп, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Қанай Әсел Қазақстан әйелдер командасының құрамында командалық кумитэ сайысында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Бұл — оның спорттағы табандылығы мен шеберлігінің жарқын дәлелі. Қанай Әселді және оның бапкерлерін зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!