Home Жаңалықтар ЕУРОПА КУБОГІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ БАТЫРҒАЛИ ЕРНҰР КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ЕУРОПА КУБОГІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ БАТЫРҒАЛИ ЕРНҰР КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Daismedia.kz

Португалияның Сан-Жуан-да-Мадейра қаласында 24-26 мамыр күндері жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Еуропа кубогі өтті. Бұл халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысының өкілі Батырғали Ернұр сәтті өнер көрсетті.

60 келі салмақ дәрежесінде белдескен жас спортшы бірқатар мықты қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жібергенімен, Ернұр жоғары деңгейдегі шеберлігін танытып, күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Бұл жетістік — Түркістан облысы дзюдосының халықаралық аренадағы табысты дамуының айқын дәлелі.

You may also like

Leave a Comment