Home Жаңалықтар АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

Daismedia.kz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында 20-ға жуық жаңа инвестициялық жоба бойынша маңызды келіссөздер өтті. Сапар аясында өңір делегациясы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика және туризм бағыттары бойынша Қытайдың жетекші компанияларымен нақты жобаларды талқылап, ірі өндіріс орындарында болды.

Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге тікелей инвестициялар тарту, жаңа өндірістерді іске қосу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау. Президент атап өткендей, өңірлік дамудың жаңа кезеңі халықаралық серіктестік пен нақты жобалар арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы ретте Түркістан облысы бұл бағыттағы белсенділігін нақты қадамдармен көрсетіп отыр.

Делегация сапар барысында әлемдегі ең ірі сыра өндіруші кәсіпорындардың бірі – «TSINGTAO BREWERY CO., LTD.» зауытының жұмысымен танысты. 1903 жылы негізі қаланған бұл компания бүгінде Қытайдың ішкі нарығында көш бастап, өнімін 120-дан астам елге экспорттап отыр. Зауыт тек сыра өндірісімен шектелмей, денсаулыққа пайдалы сусындар өндіру, сондай-ақ «TSINGTAO1903 Bar» сияқты мәдени-көпшілік кеңістіктер құру бағытында да жобаларды іске асыруда.

Компанияның технологиялық дамуға бағытталған саясаты мен ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа бағытталған стратегиялық көзқарасы Түркістан облысының кәсіпкерлері мен инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Қос тарап осы салада өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырды.

Келесі кездесу «Qingdao Sigma Chemical Co., Ltd.» компаниясымен өтті. Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығы тыңайтқыштары мен экологиялық қауіпсіз химиялық өнімдер өндірісінде Қытайдағы көшбасшылардың бірі саналады.

You may also like

Leave a Comment