16
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 9–13 маусым аралығында асық атудан ересектер арасында жекелей Қазақстан чемпионаты өтті.
Аталған республикалық бәсекеге 19 облыстан 100-ден астам таңдаулы спортшылар қатысып, үздіктерді анықтады.
Дода қорытындысында Түркістан облысының спортшысы Айтқұлов Амандос барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар бес асық әдісі бойынша қыздар арасында Айдана Есембекова күміс жүлдеге ие болып, облыс қоржынына екінші медальді салып берді.
Айтқұлов Амандос — 1-орын
Есембекова Айдана — 2-орын