115
Тайландтың Паттайя қаласында өткен 18 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өрендері 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
23 жасқа дейінгі санатта байдарка екілік сайысында 500 метр қашықтықта Татьяна Гладкова күміс жүлдегер атанды.
Ал 18 жасқа дейінгі байдарка төрттік сайысында 500 метр қашықтықта Зоя Прядка да екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ 23 жасқа дейінгі қатысушалыр арасында байдарка төрттік сайысында 500 метр қашықтықта Альбина Халикова мен Евгения Тютюкина қола медальға қол жеткізді.
