15-17 маусым күндері Сайрам ауданына қарасты Қарабулақ ауылында жағажай волейболынан Түркістан облысының біріншілігі өтті. Аталған жарысқа өңіріміздің әр түкпірінен келген Қазығұрт, Түлкібас, Арыс, Ордабасы, Сайрам аудандарының және облыстық спорт мектептерінен келген 9 команда қатысты.
Тартысты өткен бәсекеде үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Жоғары деңгейде ойын көрсеткен Түркістан облыстық №2 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (ОРМБЖМ) бірінші командасы облыстың аға жаттықтырушысы Файзулла Мамыховтың жетекшілігімен 1-орынды жеңіп алды.
Күміс жүлде Сайрам ауданы командасына бұйырса, үздік үштікті №2 ОРМБЖМ-нің екінші командасы қорытындылады.
Жарыс өңірдегі волейбол спортының дамуына серпін беріп, жас спортшыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.