Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ 9 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларының жұмысын бағалайтын рейтингтік жүйе енгізілген. Бұл жүйе аясында әр мекемеге нақты индикаторлар бекітіліп, олардың орындалу нәтижесі тоқсан сайын сараланып, тұрақты түрде талқыланады.

Осы бағыттағы жұмыстарды бағалау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында ауданның 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері қаралды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев мемлекеттік мекемелер мен бөлімдерге бекітілген индикаторлар бойынша жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қойылған мақсаттарға жету үшін барлық мүмкіндіктің бар екенін атап өтті.

– Жыл соңына дейін бекітілген индикаторларға толық қол жеткізуге болады. Көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол берілмеуі тиіс, – деді аудан әкімі.

Жиын барысында ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов 2025 жылдың 8 айындағы жоспардың орындалу барысына жүргізілген мониторинг нәтижесін ұсынды. Оның айтуынша, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, туризм, құрылыс және полиция басқармасына қатысты бірқатар өзекті мәселелер анықталған.

Өзекті мәселелер егжей-тегжейлі талданып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы тұрақты және қатаң бақылауда болады.

You may also like

Leave a Comment