Home Жаңалықтар АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Daismedia.kz

Сарыағаш ауданын дамыту стратегиясын бекіту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 2030 жылға дейінгі даму жоспары жан-жақты талқыланып, негізгі бағыттар мен басымдықтар сараланды.

Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңірдің әлеуетін тиімді пайдалану үшін нақты, жоспарлы әрі жүйелі жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Аудан басшысы жол картасына енгізілген жобалардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бекітілген жол картасы аясындағы жобалардың орындалу барысын саралап, олардың тиімді әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Айта кету керек, ауданның даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейінгі нақты жобалар тізімі әзірленуде. Аталған құжатта бірқатар басым бағыттар қамтылған. Атап айтқанда: өндіріс орындарын ашу,ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, туризм саласын дамыту.

You may also like

Leave a Comment