Home Ауыл шаруашылығы САЙРАМ АУДАНЫНДА 2025–2026 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 2025–2026 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Daismedia.kz

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібінде 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық пен ұлттық ауыл шаруашылығы санағының жүргізілу барысы талқыланды. Мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары қысқы кезеңге толық дайын. Барлық әлеуметтік нысандарда жылу жүйелерін қысымдау және тексеру жұмыстары аяқталып, қажетті отын түрлері жеткізілген. Сондай-ақ, аудан халқы үшін көмір қоры 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, мәжілісте ауыл шаруашылығы санағының жүргізілу барысы баяндалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін санақ аясында аудан бойынша жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Қазіргі таңда онлайн форматта 9894 шаруашылықтың деректері енгізіліп, жалпы көрсеткіштің 86,7 пайызы орындалды. Ал жеке сұхбат алу кезеңінде 64 нұсқаушы мен сұхбатшының қатысуымен 29 638 жеке қосалқы шаруашылық қамтылып, жоспардың 96,7 пайызына жеткен.
Аудан басшысы санақ пен жылыту маусымына қатысты барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.

You may also like

Leave a Comment