Home Жаңалықтар ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП, ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Daismedia.kz

Ленгір қаласының дамуы жаңа серпін алуда. Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Ленгір қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, 2025 жылы аудан орталығында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы жан-жақты баяндама жасады. Бұл кездесу тұрғындардың көкейіндегі өзекті мәселелерді ашық айтып, билікпен тікелей диалог орнатуына мүмкіндік берді.

Әлеуметтік-экономикалық даму – басты назарда

Кездесу барысында аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды. Әсіресе Ленгір қаласының инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, жол жөндеу, көше жарықтандыру және ауыз су мәселесін шешуге арналған жобалардың сәтті жүзеге асқанын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Сол үшін биыл Ленгір қаласында бірнеше көшеге асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар балалар ойын алаңшалары жөнделіп, бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда», – деді Еркеғали Амантайұлы.

Бұл сөздер аудан басшысының халық игілігі үшін қолға алынған әрбір бастамасына жіті мән беріп отырғанын көрсетті.

Тұрғындарды толғандырған мәселелер

Кездесу барысында қала тұрғындары аудан әкіміне ауыз су тапшылығы, электр стансасын іске қосу, кәріз жүйесін ретке келтіру сынды күн тәртібінен түспейтін мәселелерді жеткізді. Еркеғали Әлімқұлов бұл ұсыныстарды мұқият тыңдап, кейбір түйіткілді мәселелерді жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Бұл билік пен халық арасындағы өзара сенімді нығайта түсетіні анық.

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік

Аудан әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдап, тұрғындарды өз аулаларында, көшелерде және жалпы қалалық аумақта тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға шақырды. Бұл бастама жергілікті жұртшылықтың экологиялық санасын арттырып, елді мекеннің көркіне көрік қосатыны сөзсіз.

Инфрақұрылым және инвестиция – дамудың кепілі

Кездесуде Еркеғали Әлімқұлов инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, аудан бюджетінің кіріс көлемін арттыру арқылы шешімін күткен күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге болатынын атап өтті. Атап айтқанда, түнгі жарықтандыру жүйесін орнату, жол жөндеу және әлеуметтік нысандар құрылысы – келесі кезеңнің басты міндеттері ретінде белгіленіп отыр.

Қоғамдық белсенділік – ортақ табыс кілті

Аудан әкімі тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, туған өлкенің дамуына үлес қосуға шақырды. Оның айтуынша, жергілікті халықтың ұсыныстары мен пікірлері әрқашан назарда болады.

«Аудан бюджетінің артуы – атқарылатын жұмыстардың көлемін де ұлғайтады. Біз бірлесіп жұмыс істесек, Ленгір қаласының болашағы жарқын болатынына сенімдімін», – деді Еркеғали Әлімқұлов.

Төлеби ауданының орталығы – Ленгір қаласы бүгінгі күні жүйелі түрде дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Халықпен бетпе-бет жүздесу арқылы Еркеғали Әлімқұлов тек есеп беру емес, тұрғындардың нақты мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын бірге қарастыруға ниетті екенін көрсетті. Бұл кездесу – билік пен халық арасындағы сенімді көпірдің берік орнауына жасалған маңызды қадам болды.

Түркістан облысының Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласы дамып, бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Аймақта шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің экономикалық дамуына үлестерін қосып, инвестициялық жобаларға ден қойған.

Киелітас ауылындағы битум өнімдерін шығаратын «QazaqBitum Processing» ЖШС нысаны 2011 жылы іске қосылған, 2022 жылы модернизациялау жүйесінен қайта өткен. Бүгінде мұнда автокөлік жолдарына арналған битум өнімдері шығарылады. Кәсіпорын тәулігіне 1000 тонна, ал жылына 300000 тонна зат өндіруге қауқарлы. Зауытта 140 адам жұмыс істейді. Мұнда ішкі және сыртқы экспорт ісі дамыған. Өнімдер республикадан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне жөнелтіледі.
Ленгір қаласында орналасқан тігін цехында жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс формасы тігіледі. Кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Цехта тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне экспортталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында «Келешек мектептері» салынып, ел игілігіне берілуде. Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында жалпы саны 29 білім ордасының құрылысы жоспарланған.

Аудан көлемінде жалпы саны 4 «Келешек мектептерін» салу жоспарланып, бүгінде 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Алатау елді мекенінде 300 орындық, Көксәйекте 600 орындық, Киелітастағы 900 оқушыға арналған мектептер. Жаңаша бағыттағы білім ошақтарында балалардың сапалы білім алуы үшін дерлік барлық жағдай қарастырылады.

Ленгір қаласында І мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 5 қабатты 3 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Пәтер саны – 48, 1 бөлмелі 12 пәтер, 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 24 пәтер. Тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылы басталып, бүгінде шатыр жабу, ішкі, сыртқы әрлеу, есік, терезе орнату сынды жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба құны 625, 5 млн.теңге. Тұрғын үй республикалық және облыстық бюджет есебінен салынған. Құрылыс жұмыстары аяқталса, биыл пайдалануға берілмек.
«Мейір-Бейс» жоғары медициналық және педагогикалық колледжі білім ордасы жаңа форматта жұмысын жалғастыруда. Мұнда 56 маман дәріс береді. Жалпы 84 дәрісхана қарастырылған.

Айта кетейік, Төлеби ауданында ауқымды жобалар іске асырылуда: кәсіпкерлік, білім, құрылыс салалары қарқын алуда.

Төлеби ауданы бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Ауданның инвестициялық тартымдылығы артып, шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі жыл санап өсіп келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар аясында маңызды салаларда бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған.

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші — кәсіпкерлік. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі – «QazaqBitum Processing» ЖШС кәсіпорны. Киелітас ауылында орналасқан зауыт 2011 жылы іске қосылып, 2022 жылы толықтай жаңғыртудан өтті. Зауыт қазіргі таңда автокөлік жолдарына арналған битум өнімдерін шығарып, тәулігіне 1000 тонна, жылына 300 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімдері ішкі нарықпен қатар Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне экспортталады. Бұл — кәсіпорынның жоғары сапалы өнім өндіретінін және шетелдік нарықта да сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Кәсіпкерлік саласындағы тағы бір маңызды нысан — Ленгір қаласындағы тігін цехы. Мұнда жылына 250 мың дана арнайы жұмыс формасы тігіледі. Кәсіпорында 150 адам қызмет атқарады. Өнімдер Қазақстанның әр аймағына және Ресейге экспортталады. Бұл цехтың жұмысы аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, шетелдік нарыққа отандық өнімді танытуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру сапасын арттыру мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа білім ошағы салынуда. Оның ішінде Төлеби ауданында 4 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Алатау елді мекенінде – 300 орындық,

Көксәйек ауылында – 600 орындық,

Киелітас ауылында – 900 орындық мектептердің құрылысы қарқынды жүруде.

Жаңа мектептер заманауи білім беру талаптарына толық сай етіп салынуда. Балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар қарастырылған: кең әрі жарық сыныптар, пәндік кабинеттер, ІТ сыныптар, спорт залдары мен зертханалар.

Сонымен қатар, Ленгір қаласында орналасқан «Мейір-Бейс» жоғары медициналық және педагогикалық колледжі де жаңа форматта жұмысын жалғастыруда. Білім ордасында 56 оқытушы жұмыс істейді. Колледжде 84 дәрісхана бар. Бұл оқу орны аудан жастарының кәсіби білім алуына жол ашып, білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарып отыр.

Ауданда құрылыс саласы да айтарлықтай қарқын алған. Ленгір қаласының І мөлтек ауданында 5 қабатты 3 тұрғын үй кешені салынып жатыр. Әр үйде 48 пәтерден бар: 12 – бір бөлмелі, 12 – екі бөлмелі, 24 – үш бөлмелі.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, қазіргі таңда ішкі-сыртқы әрлеу, шатыр жабу және есік-терезе орнату секілді соңғы кезеңдегі жұмыстар атқарылып жатыр. Жоба құны – 625,5 миллион теңге. Қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

You may also like

Leave a Comment