Home Жаңалықтар ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Daismedia.kz

Сауран ауданында жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен ашық форматтағы кездесу Аймақтық басқармалар үйінде өтіп, оған аудан басшылығы, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері, жергілікті құзырлы органдар, кәсіпкерлер қауымы қатысты. Шараның мақсаты – жер қойнауын пайдалану мәселелері мен экологиялық мәселелерді талқылау, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог орнату.

Кездесуді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, сала маңыздылығы мен экологияға келтіретін әсерлер туралы сөз қозғады. Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары жер қойнауын пайдалану және қазба жұмыстарының қоршаған ортаға теріс әсері туралы тұрғындар арасында алаңдаушылық туындап, әлеуметтік мазасыздық деңгейі артқан. Аудан әкімі жер қойнауын пайдалану процесін заңды және экологиялық тұрғыдан дұрыс жүргізудің, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі жер қойнауын пайдалану саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алу, экологиялық теңгерімді сақтау және жергілікті тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, жүйелі жұмыстардың жалғасатынын жеткізді. Бұл шаралар жер қойнауын пайдаланудың тиімділігі мен қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайтуға бағытталған.

Жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға қатысты түрлі мәселелерді қозғады. Олардың қатарында, келісімшарт пен лицензия талаптарының орындалуы, тексерулер мен зерделеу жұмыстарының жүргізілуі туралы сұрақтар болды. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров бұл мәселелер бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол саладағы заңнамалардың сақталуын бақылау және жер қойнауын пайдалану шарттарының орындалуына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесудің соңында кәсіпкерлермен сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып,кәсіпкерлер өз пікірлерін білдірді. Жер қойнауын пайдалану процесіне қатысты ұсыныстар мен мәселелер көтерді. Кәсіпкерлердің пікірінше, мемлекеттік органдар мен жергілікті құзырлы ұйымдардың бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Олар экология мәселелеріне қатысты түрлі мәселелерді қозғап, қоршаған ортаға келтірілетін әсерді азайту үшін қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Облыстық басқармалар мен департамент өкілдері кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, оларды түсіндірді. Басты мақсаты – кәсіпкерлер мен билік арасындағы диалогты күшейту, саладағы ашықтықты арттыру және екі тараптың өзара ынтымақтастығын нығайту болды.

Аудан әкімдігі жер қойнауын пайдалану саласының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

You may also like

Leave a Comment