Home Жаңалықтар ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Daismedia.kz

Ертең Түркістан қаласында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен «Turkistan International Investment and Tourism Forum» (TIITF-2025) өтеді.

Форум аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытайдың Ronghui Construction Group Co., Ltd., Шаньдун Ляньса Сауда Компаниясы, сондай-ақ Ханья Холдинг (Чжэцзян) ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тұрғын үй құрылысы, өндірістік нысандар ашу, қонақүй кешендерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Инвесторлар Төлеби ауданының географиялық орналасуы мен табиғи-логистикалық артықшылықтарына жоғары қызығушылық білдіріп, ұсынылған жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті.

Әкімдік тарапынан инвестициялық қолдау тетіктері, жер телімдерін бөлу мүмкіндігі, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қолжетімді жеңілдіктер туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

You may also like

Leave a Comment