Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және «Заң мен тәртіп» жобасы аясында республикалық деңгейдегі «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өткізілді. Бұл шара жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, заңды әрі мәдени тұрғыда өзара байланыс орнату мақсатында үлкен маңызға ие болып отыр.
Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қатысты. Олар қатысушыларды құттықтап, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдаудың, құқықтық мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы жобалардың маңызын атап өтті. Мұндай шаралардың қоғамдағы мәдениетті арттыру мен ой еркіндігін дамытуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
«ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны жастардың шығармашылық әлеуетін көрсету, олардың мәдени тұрғыдан дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Өнер додасын Қазақстан КВН Одағының Республикалық жастар қоғамының президенті Есентүгел Елеукен жүргізіп, кештің атмосферасын айрықша өрнектеді. Бұл ойын өнер мен шығармашылықты жоғары деңгейде бағалауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
Жайдарман ойынына Қазақстанның түрлі өңірлерінен іріктелген 12 команда қатысып, өз өнерлерін сахнада паш етті. Олардың қатарында: «Жеңіс», «Q» құрамасы, «Меркістан», «Зертас» командасы, «Ату мини» командасы, «Сұрап алмадық» командасы, «Алма кю» құрамасы, «Абибас» құрамасы, «Абырой» құрамасы, «Джеки Шаңырақ», «Киров» құрамасы, «Эверест» командасы болды. Әр команда сахнада өзіндік стилін, әзіл деңгейін, актерлік өнерін, сахналық мәдениетін ортаға салды. Олар көрермендерден лайықты бағасын алып, үлкен ықыласқа бөленді.
Ойын соңында қазылар алқасы әрбір команданың өнерін мұқият сараптап, өз шешімдерін шығарды. Әзіл мазмұны, тақырыптың өзектілігі, актерлік ойын, сахналық мәнер, сондай-ақ көрерменмен қарым-қатынас жасаудың деңгейі басты бағалау өлшемдері болды. Қазылар мүшелері командалардың кәсібилікке ұмтылысы мен шығармашылық ерекшеліктерін жоғары бағалап, олардың өнерлерін лайықты түрде бағалады.
Жайдарманның негізгі мақсаты жастар арасындағы достықты нығайту, өнер арқылы бірлік идеясын дәріптеу болғандықтан, бұл шараның маңызы зор. Ойынның қорытындысында жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы атынан арнайы кубок табысталды. Бұл жеңіс тек командалардың ғана емес, барлық қатысушылардың шығармашылыққа деген жанқиярлық еңбегінің нәтижесі болды.
Жастардың мәдени құндылықтарға баулу, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және өнер арқылы қоғамның өзекті мәселелеріне назар аударту мақсатында ұйымдастырылған «ZANDY KÚLKІ» жайдарман ойыны өз мәресіне жетіп, ұмытылмас естелікке айналды.
