Home Жаңалықтар 2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Daismedia.kz

2025 жылғы 10 желтоқсанда Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары А.Ә. Әшімханұлының қатысуымен Аманат партиясының кеңсесінде брифинг өтті. Кездесу барысында 2025 жылдың 11 айындағы негізгі жұмыстар қорытындыланды. Брифингте келесі бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды:

Брифингте келесі бағыттар бойынша ақпарат ұсынылды:
— Баға тұрақтылығын бақылау – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, заңсыз сауда үстемелерін анықтау және алдын алу. Жыл басынан 131 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,075 млн теңге айыппұл қолданылды.
— Сауда заңнамасының сақталуын бақылау – сауда нысандарындағы заң бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды; 350 сауда субъектісінің электрондық шот-фактурасы тексерілді.
— Делдалдық схемаларды тергеп-тексеру – өңірлік комиссияның жұмысы нәтижесінде 39 ішкі сауда субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, сауда үстемесі қалпына келтірілді.
— Сауда базарларын жаңғырту – 2025 жылы 6 базар жаңғыртылып, сауда инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қатаң бақылауда.
— Инвестиция тарту – 10 айда 81,5 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 105% орындалды.
— Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – 1702 өтініш қаралып, 1517 өтініш қанағаттандырылды; 100 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,12 млн теңге айыппұл; тұтынушыларға 89,1 млн теңге қайтарылды.
— «Сапалы өнім» жобасы – техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін 33 факт, таңбалау талаптары бұзылған 19 факт анықталды.
— Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары – әлеуметтік желілерде 1117 пост, БАҚ-та 191 мақала жарияланып, 22 тікелей эфир, 103 іс-шара өткізілді.

Брифинг барысында баға тұрақтылығын сақтау, сауда заңнамасын қадағалау, сауда базарларын жаңғырту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың нәтижелері нақты мәліметтермен баяндалды.

You may also like

Leave a Comment