Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫНДЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫНДЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Daismedia.kz

Қазіргі таңда қалалардың дамуы мен халық санының өсуі экологиялық қауіпсіздік мәселелерін күн тәртібінің басты тақырыптарының біріне айналдырады. Өндірістік нысандардың көбейуі мен урбанизация қарқыны, табиғи ресурстарға түсетін жүктемені арттыруымен қатар, қалалардың ағынды суларын тиімді тазарту қажеттілігін айқындайды. Ағынды суларды дұрыс басқару мен тазарту – тұрғындардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және қала инфрақұрылымын тұрақты дамытудағы негізгі бағыттардың бірі саналады.

«AMANAT» партиясы экологиялық саясатты күшейту, қалалық инфрақұрылымдағы ағынды су жүйелерін жаңғырту және тазарту станцияларының қуатын арттыру мәселелерін үнемі назарда ұстайды. Партияның Түркістан облыстық филиалы 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қалалардағы кәріз жүйелерін дамыту басты басымдық ретінде қарастырылған. Бағдарлама аясында бірнеше стратегиялық міндеттер айқындалған:
Тозығы жеткен кәріз жүйелерін жаңарту;
Бұрын сарқынды су жүйелері болмаған аумақтарға жаңа желілер салу;
Тазарту станцияларын кеңейту және олардың қуатын арттыру;
Экологиялық талаптарды күшейту және бақылауды күшейту.

Түркістан қаласындағы кәріз инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары

Түркістан қаласы – еліміздің тарихи-мәдени және туристік орталығы, бұл қала үшін инфрақұрылымды жаңарту мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әсіресе маңызды. Қаланың орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылу деңгейі қазіргі таңда 36,5% немесе 17 580 абонентті құрайды. Кәріз жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін 27 сорғы станциясы салынған, бұл жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2025 жылы Түркістан қаласында кәріз жүйелерімен қамтылған тұрғындар санын арттыру және аумақтарды кеңейту мақсатында 13 нысанда құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде:
8 жоба – абоненттік желілерді дамытуға бағытталған;
5 жоба – магистральдық желілерді тартуға арналған.

Бұл жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, барлық құрылыс жұмыстары депутаттық корпус пен партия өкілдерінің қоғамдық бақылауына алынған.
Қоғамдық бақылау және тұрғындардың қатысуы

Кәріз жүйелерін дамыту барысында партия өкілдері мен депутаттар тұрғындардың өтініштерімен тығыз жұмыс істейді. Көптеген тұрғындар кәріз құрылыстары жүріп жатқан көшелерді ретке келтіру, жол жабындыларын қалпына келтіру мәселелерін көтеріп жатады. Партия өкілдері әрбір өтінішті мұқият қарап, құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстайды. Кәріз жүйелері толық іске қосылғаннан кейін жол жабындылары мен қоғамдық аумақтар талапқа сәйкес қайта қалпына келтіріледі.

Қалалардың дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруда экологиялық қауіпсіздік басты рөл атқарады. Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан кәріз инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары – тұрғындардың денсаулығын қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту және қала инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкес дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар, халықпен тығыз байланыста жүргізіліп, қала өмірінің барлық саласын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.

You may also like

Leave a Comment