Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 3 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

Daismedia.kz

Болгария елінің Пловдив қаласында жүзуден «Bulgarian Open» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Су айдынындағы жарыста түркістандық Софья Сподаренко үш бірдей алтын медальға қол жеткізді.

Дүбірлі додада сынға түскен түркістандық ару еркін стильде 50 метр қашықтықта, сондай-ақ, баттерфлай стилінде 50 метр және 100 метрге жүзуден жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынын 3 алтынмен толықтырды. Осылайша ол Сингапур мемлекетінде өтетін 22-Әлем чемпионатына жолдама алды. Әлемдік дода биыл 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

____

ТУРКЕСТАНСКИЙ СПОРТСМЕН ЗАВОЕВАЛ 3 ЗОЛОТЫЕ МЕДАЛИ НА МЕЖДУНАРОДНОМ ТУРНИРЕ ПО ПЛАВАНИЮ

В Пловдиве, Болгария, завершился международный турнир по плаванию «Bulgarian Open». На соревнованиях туркестанка Софья Сподаренко завоевала три золотые медали.

Она стала победительницей в плавании на 50 метров в вольном стиле, а также на 50 метров и 100 метров в стиле баттерфляй и пополнила копилку национальной сборной 3 золотыми медалями. Таким образом, она получила путевку на 22-й чемпионат мира в Сингапуре. Мировые состязания в этом году запланированы на период с 27 июля по 3 августа.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

You may also like

Leave a Comment