216
Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың жүлдесіне арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан Халықаралық турнир аяқталды. Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан секілді көрші мемлекеттер мен еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге жуық жас спортшы сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде Түркістан облысының боксшылары — 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль олжалады. Атап айтар болсақ, 48 келіде өнер көрсеткен Диас Сәдікәрім мен 80 келідегі талантты боксшы Ерубай Тұрлыбай алтын медаль алса, күміс жүлдеге 54 келіде Ернияз Есмағамбет пен 66 келіде Ерлан Дарманқұлдар қол жеткізді.
Сондай-ақ, қола медальді олжалаған спортшылар қатарында 52 келіде Ерасыл Мейрамхан, 66 келіде Бейбарыс Тәжібек, 75 келіде Бейбарыс Көшербай мен Ыхтияр Алиддинов, 80 келіде Азамат Тұрсынбектер бар.
Айта кетейік, дүбірлі бокс додасында жеңіске жеткен спортшылар Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.
